Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқыс жағдай Энергетиктер көшесі, 44 А мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйде орын алған, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
17 сағат 42 минутта «101» қызметіне жертөледен түтін шыққаны туралы хабарлама түсті. Барлау жүргізу нәтижесінде 5 қабатты үйдің жертөлесіндегі қоймада жалпы ауданы 15 шаршы метр болатын құрылыс материалдары жанғаны анықталды, – дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметінде.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін 32 адам өз бетінше эвакуацияланды. Оның ішінде екеуі – бала. Өрт сөндірушілердің көмегімен саты арқылы 10 адам, оның ішінде 2 бала эвакуацияланды.
Өртті сөндіруге 10 адам жеке құрам қатысып, 3 техника жұмылдырылды.