Екібастұз ГРЭС-1 компаниясына 33 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

16 Маусым 2022, 22:50
1452
Бөлісу:
Екібастұз ГРЭС-1 компаниясына 33 млрд теңгеден астам айыппұл салынды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екібастұз ГРЭС-1 компаниясына 33 млрд теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

2022 жылдың 27 сәуірі мен 20 мамыры аралығында Павлодар облысының Экология департаменті Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 ЖШС-ға қатысты бірінші жартыжылдық жоспарлы тексеру жүргізді. Тексеру барысында 2018-2020 жылдарға арналған парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы белгіленген рұқсат етілген квоталар көлемінен асып кету бөлігінде экологиялық заңнаманы бұзушылық анықталды. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар саудасының қолданыстағы жүйесі шеңберінде кәсіпорынмен өтелмеген квота көлемі 2 млн. тоннадан астам СО2 құрады. Заңнама талаптарына сәйкес кәсіпорын экологиялық заңнамада белгіленген мерзімде нарықта квоталар сатып алу арқылы жетіспейтін квоталар көлемін жабуға мәжбүр болды.

Аталған бұзушылық негізінде ҚР ӘҚБтК-нің 329-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Айыппұл сомасы 33 301 625 мың теңгені құрайды.

Өзгелердің жаңалығы