Екі жылда ауылдарда 618 млрд теңгеге 12 мыңнан астам жоба іске асырылды

19 Қазан 2021, 09:45
8660
Бөлісу:
Екі жылда ауылдарда 618 млрд теңгеге 12 мыңнан астам жоба іске асырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев «Ауыл - Ел бесігі» жобасы шеңберінде қандай жұмыстар атқарылғанын айтып берді.

2019-2020 жылдары қолданыстағы бағдарламалық құжаттар шеңберінде ауылдық жерлерде жалпы сомасы 618 млрд теңгеге 12 мыңнан астам жоба іске асырылды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 5,2 мың шақырым инженерлік желілерді жаңғырту бойынша 1 225 жоба іске асырылды, - деді Әсет Ерғалиев.
Сонымен қатар министрдің айтуынша, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту саласында 2 218 жоба жүзеге асырылды.

1 213 мектеп пен балабақша, 234 фельдшерлік пункт, амбулаториялар мен емханалар, 536 клуб, мәдениет үйлері мен кітапханалар, 175 дене шынықтыру-сауықтыру кешендері мен спорт залдары cалынды және жөнделді.

Көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша 8 580 жобаны іске асыру нәтижесінде 9 мың шақырым кент ішіндегі жолдар жаңғыртылды. Биылғы жылы іске асырылып жатқан бағдарламалар шеңберінде 566 млрд теңге сомасына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 6,5 мың жоба іске асырылып жатыр. Нәтижесінде 2,5 мың шақырым инженерлік желілер және 5 мың шақырым кент ішіндегі жолдар жаңғыртылады, - деп баяндады Ұлттық экономика министрі Үкіметте.
632 мектеп пен балабақша, 70 денсаулық сақтау нысаны, 300 мәдениет үйі, клубтар мен кітапханалар, 96 дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен спорт залы салынып, жөнделеді.

Осыған дейін министр ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыратын жоба туралы айтқан болатын.
Өзгелердің жаңалығы