Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Айбатыр Жұмағұлов екі жұмыста істейтіндердің жарнасы қалай төленетінін түсіндірді.
Бұл жөнінде ол бүгінгі брифинг барысында айтып берді.Оның айтуынша, екі жұмысты қатар алып жүрген азаматтардың жарнасы екі жақтан да төленеді. Бірақ оның көлемі белгілі бір сомадан аспауы тиіс.
Жарна табыстың көлеміне қарай төленеді. Сондықтан екі жұмыс болса, екі жақтан да аударылуы шарт. Бірақ нақты шектеу бар. Жарнаның көлемі 6 мың теңгеден аспауы тиіс, - деді Айбатыр Жұмағұлов өз сөзінде.
Айта кетейік, 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі толығымен іске қосылды. Табыс тауып жүрген азаматтар айлығының 1%-ын жарна ретінде төлейді. Ал 2021 жылдан бастап 2% көлемінде жарна аударады.
Тегін медициналық көмек түрлері қала береді. Соның ішінде жедел жәрдем, санитарлық авиация және өзге де медқызметтер бар.