Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылдық полиция қызметкерлері Байзақ ауданының құмға жақын аймағында жабайы қарасора жинаумен айналысқан 21 жастағы Тараз қаласының тұрғынын ұстады. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тінту жұмыстары барысында күдіктіден 8 келі кептірілген марихуана табылып, тәркіленді. Сондай-ақ, тергеу амалдарын жүргізу кезінде күдіктінің Байзақ ауданына қарасты шаруа қожалығының біріне тиесілі екі бас жылқыны ұрлауға қатысы бар екені анықталды. Жылқылар табылып, иелеріне қайтарылды, - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта аталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабның 4-бөлімі ("Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау") және ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлімі ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдікті өз кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.