Екі бос супертанкер Парсы шығанағына қарай Ормуз бұғазы арқылы өтпек болған, алайда АҚШ пен Израиль арасындағы келіссөздердің нәтижесіз аяқталуы аясында соңғы сәтте кері бұрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Bloomberg-ке сілтеме жасап.
Теңіз көлігін бақылау жүйелерінің дерегіне сәйкес, бір күн бұрын Ормуз бұғазындағы Иранның Ларек аралына үш танкер келген. Осы өткізу нүктесінде олардың екеуі – бірі Иракқа бет алған грек компаниясына тиесілі кеме, екіншісі Пәкістан туымен БАӘ бағытына бара жатқан танкер – кері қайтқан.
Кемелер бағытының өзгеруі дәл АҚШ пен Иран делегациялары Пәкістандағы кездесуде ортақ келісімге келе алмағаны жарияланған сәтпен тұспа-тұс келгені атап өтіледі. Бұл жағдай АҚШ, Израиль және Иран арасындағы атысты тоқтату мүмкіндігіне қауіп төндірді.
Агенттіктің мәліметінше, үшінші кеме бұғаздан өткен, алайда оның нақты қайда бағыт алғаны белгісіз. Сондай-ақ бұл танкер Haut Brion 8 SA компаниясына тиесілі екені, ал оны Оңтүстік Кореяның Sinokor Maritime операторы басқаратыны хабарланды.