Екі спортшымыз жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына қатысады

Шотландияның Глазго қаласында жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

 olympic.kz 13 Ақпан 2024 2024, 21:10
13 Ақпан 2024 2024, 21:10
1211
Фото: olympic.kz

Шотландияның Глазго қаласында жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған сынға Қазақстан атынан екі спортшы қатысады. Олар – Давид Ефремов пен Надежда Дубовицкая.

Ефремов 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден, Дубовицкая биіктікке секіружен бақ сынайды.

Әлемдік сын 1-3 наурыз аралығында өтеді.

Айта кетелік, былтыр Надежда Дубовицкая әлемдік сында үздік үштікке енген еді.

Наверх