Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Екі шетелдік Қазақстан арқылы Еуропаға 770 кг героин өткізбек болған

25 Тамыз 2025, 20:53
450
Бөлісу:
 novyj-put.net.ua
Фото: novyj-put.net.ua

Түркістан облысында екі шетел азаматы 770 кг героинді елге әкелмек болғаны үшін ұсталып, сот үкімімен 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бас көлік прокуратурасының мәліметіне сәйкес, 2024 жылғы мамыр айында Түркістан облысындағы Б. Қонысбаев атындағы шекара өткізу бекетінде елге 770 кг героинді заңсыз әкелу әрекеті әшкереленді. Есірткі аяқ киімге арналған крем ретінде рәсімделіп, Еуропа елдеріне транзитке шығарылмақ болған.

Сотта мемлекеттік айыптаушы шетелдік екі азаматтың кінәсін толық дәлелдейтін айғақтар ұсынды.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оларды 14 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы