Екі республикалық маңызы бар жол жабылды

29 Наурыз 2024, 19:37
292
Бөлісу:
Екі республикалық маңызы бар жол жабылды

"ҚазАвтоЖол" ҰК Республикалық жолдардағы қозғалысты шектеу туралы шұғыл ақпаратты жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1. Қарағанды облысы:

- 2024 жылғы 29 наурызда сағат 18:30-да еріген судың тасуынан және көліктердің қозғалысына қауіп төну салдарынан "Қызылорда-Павлодар" тас жолының 788-906 шақырымында (Ұлытау облысының шекарасы - Топар ауылы учаскесі) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.

2. Ұлытау облысы:

- 2024 жылғы 29 наурызда сағат 18:30-да еріген судың тасуынан және көліктердің қозғалысына қауіп төну салдарынан "Қызылорда-Павлодар" тас жолының 758-788 шақырымында (Жаңаарқа-Қарағанды облысының шекарасы учаскесі) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.

Өзгелердің жаңалығы