Еліміздің 2 өңірінде 2 күре жол учаскесі жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.
Абай облысында көрінудің нашарлауына байланысты "Алматы-Өскемен" тасжолының
Қалбатаудан ШҚО шекарасына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Шығыс Қазақстан облысында боран мен көрінудің нашарлауына орай "Алматы-Өскемен" тасжолының Абай облысының шекарасынан Қасым Қасенов ауылына дейінгі аралықта көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруға 380 бірлік жол - пайдалану техникасы мен 460 қызметкер жұмылдырылды. Тәулігіне 1 мың м3 көктайғаққа қарсы материал жұмсалды, - делінген компания таратқан ақпаратта.
Екі өңірде жол жабылды
Алдыңғы жаңалық
Жәнібек Әлімханұлы келесі қарсыласы туралы айтты
Келесі жаңалық
Қазақстандағы құқықтық мәдениет деңгейі қандай?
Өзгелердің жаңалығы