Екі өңірде жабылған жолдар ашылды

7 Қараша 2024, 08:15
239
Бөлісу:
Екі өңірде жабылған жолдар ашылды
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ -архив

Еліміздің бірнеше өңірінде күн райының бұзылуына байланысты жолдар жабылған болатын. Екі өңірде жабылған жолдар қайта ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.

Атап айтқанда:

  • Жамбыл облысы “Алматы-Ташкент-Термез” автожолының 534-593 шақырымы аралығы (Айша бибі ауылы - Түркістан облысының шекарасы);
  • Түркістан облысы “Алматы-Ташкент-Термез” автожолының 593-620 шақырымы аралығы (Жамбыл облысының шекарасы - Тұрар Рысқұлов ауылының шекарасы).

Еске сала кетейік, бұған дейін бірқатар өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы