Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Екі өңірде республикалық маңызы бар жолдар жабылды

19 Қаңтар 2025, 22:53
542
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Күн райының бұзылуына байланысты еліміздің республикалық маңызы бар жолдарының екі учаскесінде барлық көлік түрлері үшін жол жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"ҚазАвтоЖол" компаниясы таратқан мәліметке сәйкес, 19 қаңтарда сағат 19:00-дан бастап:

  • Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні маршруттарында қар жамылғысының жиналуына және тұрақсыздығына және қар көшкінінің өздігінен түсу қаупіне байланысты "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катон-Қарағай-Рахманов кілттері" автожолының учаскесінде 6-66 шақырымда, Ушанов аауылы - Серебрянск қаласыучаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектеулерін енгізеді.

Сондай-ақ Алматы облысы бойынша ауа райының бұзылуына байланысты:

  • “Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас” автожолының 100-254 шақырым аралығында (Тескен ауылынан Жетісу облшекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады.

Жолды 20 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланған. 

Өзгелердің жаңалығы