Екі облыстың республикалық маңызы бар жолдары жабық

3 Қаңтар 2024, 11:48
668
Бөлісу:
Екі облыстың республикалық маңызы бар жолдары жабық
VIDEO
Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жетісу және Қарағанды облыстарында республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Qazavtojol ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісу облысында – 1 учаске 1. «Үшарал-Достық» 84 – 184 км. Көктұма ст. - Достық ст. – 100 км. 

Қарағанды облысында – 1 учаске 1. «Екатеринбург – Алматы, Солтүстік – Шығыс айналма жолы» 0-16 км. Пришахтинск а.- Новостройка а. – 16 км

Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар! 3 қаңтар сағат 11.00-дегі ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығы салдарынан 2 облыста, яғни Жетісу және Қарағанды облыстарында республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады. (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс) Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 345 бірлік техника және 584 адам жұмылдырылды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы