Балабақшалар мен әлеуметтік мекемелерге арналған көкөністер жоғары бағамен жеткізілген, ал әкелінген өнімдердің қымбаттығы ата-аналардың мойнына түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл фактілерді Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері еліміздің екі облысында анықтады.
Мәселен, ШҚО-да «Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығы» КММ 1 кг сәбізді 325 теңгеден, ал қырыққабатты 380 теңгеден жеткізген.
ҚМА өңірлік Департаментінің араласуынан кейін жеткізу тізбегінен делдал алынып тасталды, ал көкөністердің бағасы 2 еседен астам бағаға төмендетілді (сәбіз 120 теңгеге дейін, қырыққабат 180 теңгеге дейін).
Сонымен қатар, СҚО-да жеке кәсіпкер аудандық балабақшаларға көкөніс сататын 50 млн теңгеден астам сомаға бизнес ұйымдастырған.
Картоп бір кг үшін 250 теңгеден жеткізілген, ал оның сауда нүктелеріне сату бағасы 43% - ға арзан болған (141 теңгеден).
Бұл келесі жылы СҚО-да азық-түлік сатып алуда шамамен 22 млн теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның көтерілуіне жол бермеу бойынша алдын алу шаралары шеңберінде алдағы жылға арналған шарттар қайта қаралды.
Әлеуметтік азық-түлік жиынтығын жеткізу кезінде сауда үстемесі сатып алу бағасының 15% аспауы керек екенін еске саламыз.