"ҚазАвтоЖол" республиканың екі өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланыста жол жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14 желтоқсан, сағат 20:00-ден бастап Қарағанды облысындағы "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 1353-1426 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлемақы алу пунктіне дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Сондай-ақ дәл осы уақыттан бастап Ақмола облысындағы "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 1291-1353 шақырым аралығында (Жібек Жолы төламқы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) жол жабылды.
Көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылған жолдарды 15 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.