"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылатынын жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақмола облысында көлік қозғалысы шектеледі.
2025 жылғы 28 қаңтар сағат 23:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Жезқазған-Петропавлск» автожолының 377-440 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қостанай облысы шекарасынан қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, - деп жазылған хабарламада.
Аталған олды 29 қаңтар, сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Сонымен қатар Қостанай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылады.
2025 жылғы 28 қаңтар сағат 23:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Жезқазған-Петропавлск» автожолының 339-377 шақырым аралығындағы учаскесінде (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, - деп жазылған хабарламада.