Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Екі облыста көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді

Бүгiн, 21:30
124
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2026 жылғы 17 қаңтар сағат 19:00-ден бастап Ақмола және Абай облыстарындағы бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысы

  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16-200 шақырым аралығы
    (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).

Абай облысы

Келесі автожол учаскелерінде қозғалыс уақытша тоқтатылады:

  • «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының
    587-733, 756-906 шақырымдары (Павлодар облысы шекарасы – Семей – Қалбатау);
  • Осы автожолдың 1004-1103 шақырымдары (Көкпекті ауылы – ШҚО шекарасы);
  • «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының
    778-1013 шақырымдары (Аягөз қаласы – ШҚО шекарасы);
  • «Өскемен – Семей» автожолының 103-198 шақырымдары (ШҚО шекарасы – Семей);
  • «Семей – Қайнар» автожолының 8-284 шақырымдары (Семей – «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» жолына дейін);
  • «Семей – Қайнар» автожолының 2-113 шақырымдары (Семей қаласы – РФ шекарасы);
  • «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» автожолының 320-941 шақырымдары
    (Қарағанды облысы шекарасы – Боғас ауылы).

Жол қозғалысын 2026 жылғы 18 қаңтар сағат 09:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

Жүргізушілерге жолға шығар алдында ауа райы мен жол жағдайын нақтылап алу ұсынылады.

Өзгелердің жаңалығы