Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Бүгiн, 21:44
115
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Ақмола және Қарағанды облыстары аумағындағы бірқатар жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылғы 8 желтоқсан, сағат 21:30-да ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожолдарда жүк көліктері мен қоғамдық көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, - делінген хабарламада.

Шектеу енгізілген учаскелер:

Ақмола облысы

  • «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 30–92 шақырымдары (Жібек Жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін).

Қарағанды облысы

  • «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 92–164 шақырымдары (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін).

Шектеу ауа райының қолайсыздығына — қар, боран және көру мүмкіндігінің төмендеуіне байланысты енгізілген.

Жол учаскелерін 2025 жылғы 9 желтоқсан, сағат 09:00-де ашу жоспарланып отыр. Алайда бұл шешім ауа райы жағдайына қарай өзгеруі мүмкін.

Жүргізушілерге сақ болып, алдағы сапарды кейінге қалдыру ұсынылады.

Өзгелердің жаңалығы