Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Екі облыста көлік қозғалысы шектелді

Бөлісу:
 ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бүгін, 5 желтоқсанда сағат 19:00-де ауа райының нашарлауына байланысты екі облыстағы тас жолдарда жүк және қоғамдық автокөлік қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" жазды.

Ақмола облысында Астана – Қарағанды – Алматы тас жолының 30-92 шақырым аралығы. Учаске: Жібек Жолы бақылау-өткізу бекетінен Қарағанды облысының шекарасына дейін.

Қарағанды облысында Астана - Қарағанды - Алматы тас жолының 92-164 шақырым аралығы. Учаске: Ақмола облысының шекарасынан Теміртау бақылау-өткізу бекетіне дейін.

Жолдардың ашылу уақыты алдын ала 6 желтоқсанда сағат 09:00 деп көрсетілді.

Тәулік бойы қосымша ақпаратты 1403 колл-орталығына қоңырау шалу арқылы алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы