Екі облыста дабылды ескерту жарияланды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің екі облысында ауа райына байланысты дабылды ескерту жасалды.&nbsp;Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.</h4>

 13 Қыркүйек 2019 2019, 19:21
13 Қыркүйек 2019 2019, 19:21
1650

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің екі облысында ауа райына байланысты дабылды ескерту жасалды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Ертең Түркістан қаласында шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 

14 қыркүйекте таңертең және күндізге уақытта Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.



Наверх