Екі облыста автожолдардағы көлік қозғалысына шектеу енгізілді

1 Қаңтар 2024, 22:16
792
Бөлісу:
Екі облыста автожолдардағы көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Фото: Архив BAQ.KZ

2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың бірнеше учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында - «Астана-Петропавловск» 18-234 км. Астана қ. - Щучинск қ. — 216 шақырымында көліктің барлық түріне шектеу енгізілді. Оған қарлы боран, шектеулі көрініс, көктайғақ себеп болған. 

Жетісу облысында 1 учаске жабылғаны белгілі болды.

«Үшарал-Достық» 84-184 км, ст. Көктұма - ст.Достық – 100 км.

Қар аралас жаңбыр, шектеулі көрініс себепті көліктің барлық түріне шектеу енгізілді. 

Сондай-ақ Ақмола облысы, Көкшетау-Атбасар автожолының 47-184 шақырымындағы, Зеренді қаласынан - Атбасар қаласына дейін көлік қозғалысы шектелді.

Өзгелердің жаңалығы