Екі облыста ауа райына байланысты жол жабылды

Жол қозғалысы 28 наурыз сағат 10:00-де қайта ашылады деп жоспарланған.

 freepik Бүгiн 2026, 02:34
Бүгiн 2026, 02:34
156
Фото: freepik

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2026 жылғы 28 наурыз сағат 00:00-де ауа райының нашарлауына байланысты «Өскемен–Семей» KAZ 21 автожолының келесі учаскелерінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды:

  • Шығыс Қазақстан облысы: 12–103 км (Қазачье ауылының бұрылысынан Абай облысының шекарасына дейін)
  • Абай облысы: 103–198 км (Шығыс Қазақстан облысының шекарасынан Семей қаласына дейін)

Жол қозғалысы 28 наурыз сағат 10:00-де қайта ашылады деп жоспарланған.

Наверх