Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Екі облыста ауа райына байланысты жол жабылды

Кеше, 23:28
175
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыстағы республикалық жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылғы 28 желтоқсан сағат 23:45-тен бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың бірқатар учаскесінде жүк және қоғамдық көліктер қозғалысына шектеу енгізілді, - делінген хабарламада.

Ақтөбе облысында «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776–1240 шақырым аралығы (ЖҚС «ЭКО ойл»-дан Қызылорда облысының шекарасына дейін) жабылды.

Қызылорда облысында аталған автожолдың 1240–1362 шақырым аралығында, яғни Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін қозғалыс шектелді.

Алдын ала мәлімет бойынша, жолды 2025 жылғы 29 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы