Үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

21 Қаңтар 2020, 13:12
1177
Бөлісу:
Үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұтан, BAQ.KZ. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, күндіз 22 және түнде 23 қаңтарда Қостанай облысының қар, бұрқасын, кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с жетеді.

 

Ертең күндіз тәулік бойы және 23 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с жетпек.

Петропавл қаласында ертең, 23 күні тәулік бойы бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Күндіз 22 және 23 қаңтарда Ақмола облысында қар, бұрқасын, кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с жетеді.



Өзгелердің жаңалығы