Екі министр өз орындарында қалды

6 Ақпан 2024, 16:01
992
Бөлісу:
Екі министр өз орындарында қалды
Фото: BAQ.KZ - архив

Мұрат Нұртілеу Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалды.

Мұрат Нұртілеу 1976 жылы Алматы қаласында туған.

1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған.

1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташесі.

1999-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Малайзиядағы атташесі.

2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы.

2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі.

2007 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы.

2007 жылы – Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Аппараты басшысының орынбасары.

2007-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Аппаратының басшысы.

2011 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

2011 жылы – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің директоры.

2011-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкіл.

2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.

2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Эстониядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.

2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2021-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2022 жылғы қаңтар – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.

2022 жылғы 1 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қорғаныс министрі лауазымына қайта тағайындалды.

Руслан Фатихұлы Жақсылықов

Руслан Жақсылықов 1966 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1987 жылы И. С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесін, 1996 жылы М. В. Фрунзе атындағы Әскери академияны, 2004 жылы Ресей Федерациясы ҚК Бас штабы Әскери академиясының Жоғары академиялық курстарын тәмамдаған.

1987-2006 жылдары Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлері взвод командирінен бригада командиріне дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2006-2007 жылдары — Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары.

2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары – Ішкі әскерлер бас штабының бастығы.

2008 жылғы қыркүйектен бастап — ІІМ ішкі әскерлерінің қолбасшысы.

2013 жылғы қаңтардан бастап — ІІМ ішкі әскерлерінің бас қолбасшысы.

2014-2021 жылдары — Ұлттық ұланының бас қолбасшысы.

2021 жылғы қыркүйектен бастап — ішкі істер министрінің орынбасары.

2022 жылғы 19 қаңтарда Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі болып тағайындалды.

2023 жылғы 3 сәуірде Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі болып қайта тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы