Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Шалғайдағы ауылдардың 800 мыңнан астам тұрғыны үшін 149 жылжымалы медициналық кешен консультациялық-диагностикалық қызметтер, скрининг, дәрі-дәрмектер ұсына отырып, медициналық көмек көрсетті.Биыл 10 өңірде, атап айтқанда, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Абай, Жетісу, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Маңғыстау облыстары 38 мың тұрғынға медициналық көмек көрсеткен 2 «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздарының жұмысы қайта жанданды, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Сонымен қатар министр ауылдарда жаңадан медициналық мекемелер бой көтергенін айтты.
Ауылдық елді мекендерде 6 фельдшерлік-акушерлік, медициналық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы аяқталды, 17 объекті салынуда, ғимараттарды жалдау арқылы 8 объектіні ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар аудандық ауруханаларды заманауи компьютерлік томографтармен, рентген аппараттарымен жабдықтау 84,5%-ға дейін жеткізілді, - деді Ажар Ғиният.