Екі ел арасындағы ынтымақтастықты жоғары бағалаймын – Президент

12 Маусым 2024, 13:26
360
Бөлісу:
Екі ел арасындағы ынтымақтастықты жоғары бағалаймын – Президент
Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақордада Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёльмен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін қазақ-корей достығы жылнамасындағы айтулы күн деуге толық негіз бар. Біз Корея басшысының осы мемлекеттік сапарына айрықша мән береміз. Бұл екіжақты қарым-қатынастың деңгейін жоғары екенін көрсетеді. Мен елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты жоғары бағалаймын. Бүгін біз кеңейтілген стратегиялық әріптестегімізді одан әрі дамытуға уағдаластық. Өзара ықпалдастықтың жаңа бағыттарын айқындадық. Ең бастысы бір-бірімізге әрқашан тілеулес екенімізді таныттық, - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, екі ел арасында сауда-экономика және инвестиция салаларына баса мән беріліп отыр.

Корея – Қазақстанның ең ірі 5 инвесторының бірі. Былтырға дейін осы елден тартылған инвестиция көлемі 9,6 млрд долларға жетті. Бұл көрсеткішті ұлғайтуға екі тарап та мүдделі. Қазақстанда корей капиталы бар 700-ден астам компания қызмет етеді. Мысалы, Samsung, Hyundai, Kia, Lotte сияқты алпауыт корпорацияларды атап өтуге болады. Олар елімізде табысты жұмыс жүргізіп жатыр. Біз президент Юн Сок Ёль мырзамен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға келістік. Әсіресе, инфрақұрылым, өндіріс, қаржы, энергетика, экология, автомобиль мен аэроғарыш өнеркәсібі, IT, цифрландыру және басқа да салаларға басымдық беріп отырмыз. Қазір Doosan ENTERBILITYкомпаниясы Түркістан бу-газ қондырғысы арқылы жұмыс істейтін электростанциясын салып жатыр. Сонымен қатар Samsung Electronics компаниясы елімізде тұрмыстық техника шығаратын өндіріс ашуға ниет білдірді. Біз мұндай бастаманы барынша қолдаймыз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Корейлік компания Астанада биофармацевтика зауытын салуды жоспарлап отыр.

Келіссөз барысында сирек кездесетін металдарды бірлесіп зерттеу және өндіру мәселесін де қарастырдық. Біз Қазақстан нарығына кіргісі келетін корей компанияларына қолайлы жағдай жасауға дайынбыз. Оны жүзеге асырудың нақты жолдары бар. Үкіметаралық комиссия, іскерлік кеңес пен бизнес қауымдастығы арасындағы жұмыс тобы құрылды. Бұл құрылымдар екіжақты экономикалық байланыстарды нығайтуға зор септігін тигізеді деп сенеміз, - деді Президент.

Өзгелердің жаңалығы