Шамалғандағы көлік апаты: екі бүлдіршіннің жағдайы жақсарып келеді

30 Қыркүйек 2019, 17:36
2272
Бөлісу:
Шамалғандағы көлік апаты: екі бүлдіршіннің жағдайы жақсарып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрігерлер Шамалған өткелінде жолаушы пойызы мен автобустың қақтығысуы салдарынан зардап шеккен үш адамның денсаулық жағдайы туралы айтты. Бұл туралы Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Зардап шеккендердің жағдайлары жақсарып келеді. Біршама динамика байқалады деді дәрігерлер. 

«5 жасар баланың жағдайы ауыр, дегенмен алға жылжу бар, сөйлейді, тамақтана бастады. Екінші қыз комада, жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратылған. Өз бетінше тыныс алып жатыр. №7 қалалық ауруханадағы әйелдің жағдайы орташа ауыр. Ота сәтті жасалды. Динамикасы жақсы», - деді дәрігерлер.

Атап өтсек, 15 қыркүйекте Алматы облысы Шамалған станциясында «Алматы-Қостанай» бағытындағы жолаушылар пойызы мен «Алматы - Шамалған» бағытындағы автобус соқтығысты. Апат түсірілген видео да жарияланды



Өзгелердің жаңалығы