Екі бірдей Олимпиадада төреші болған қазақ кім?

9 Қазан 2023, 16:44
4092
Бөлісу:
Екі бірдей Олимпиадада төреші болған қазақ кім?
VIDEO
Фото: кейіпкердің жеке мұрағатынан

Халықаралық дәрежедегі төреші ретінде күресте талай жыл еңбек еткен Бақытжан Жақсықұлов ағамыз мансабын ресми аяқтады. Азия құрлығы төрешілерінің жетекшісі «Супервайзер» атағын алған ең алғашқы қазақ төрешісімен еңбек жолындағы қиындықтары мен жетістігін білу үшін өзімен сұхбаттасқан едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Екі бірдей Олимпиадада төреші болған қазақ кім?

Әрбір спортшының мақсаты - Олимпиада алтынын алып, қазақ спортының тарихына атын алтын әріппен жазып қалдыру. Спортшылардың жетістікке жетіп не болмаса, жеңілісін анықтауда төрешілердің атқарар еңбегі ерекше. Себебі әділдігін көрсетіп, спортшының бозкілемдегі әрбір қимылын жіті бақылап шешім шығаратын да төрешілер. Бар ғұмырын спортқа сарп етіп, қарапайым спортшыдан бастап, жаттықтырушы, спорт мектебіне басшылық қызмет атқарған Бақытжан Жақсықұлов 16 жылдан бері төрешілік қызмет атқарады.

- Кешегі өткен ХІХ жазғы Азия ойындарына тоқталсақ. Бәсеке қалай өтті?

Азия ойындары төрт жылда болатын сарықұрлықтың Олимпиадасы десе де болады. Өзім үш бірдей Азия ойындарына төрешілік еттім. 2014 жылы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен XVII жазғы Азия ойындарына, 2018 жылы Индонезияның Джакарта қаласында өткен Азия ойындарына төрелік еттім. Ал биылғы Қытайдый Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындары менің үшінші төрешілігім. Биылғы Азия ойындары мен төрешілік еткен үш ойынның ішіндегі ең жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны болды. Жарыс жақсы өтті деп айта аламын. Спортшыларымыз барын салды.

Видео кейіпкердің жеке мұрағатынан

- Төреші болуға қашан бет бұрдыңыз?

2007 жылы бастап күрес түрлерінен төреші болып жүрмін. Осы уақытқа дейін Лондон-2012 және Рио-2016 жазғы Олимпиада ойындарында, ересектер арасындағы 6 әлем чемпионатында, 23 жасқа дейінгі үш әлем чемпионатында, жастар арасындағы төрт әлем чемпионатында, сондай-ақ екі Азия ойындары мен 14 Азия чемпионатында,жұмыс істедім.

Екі бірдей Олимпиадада төреші болған қазақ кім?

- Спортшы мен жанкүйер үшін төрешінің шешімі маңызды. Қиындықтары қандай?

Әрине, төреші болу өте ауыр жұмыс. Бұл қызмет төрелік етіп тұрған күресіңді өте мұқият бақылап, жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Бірақ бекітілген ереже бар. Сол ережені толық меңгеріп, сол ережеден шықпасаңыз сіз қателік жасамайсыз. Төрелік ету оңай емес.Палуандардың жасаған немесе жасайтын әдіс-айласына мұқият бақылап,баға беруің кеерк. Жасалған әдіс ережеге сай болуы,палуанның боз кілемде жарақат алып қалмауына жол бермеу бе біздің міндетіміз. Ережеге сәйкес жеңімпазды әділ анықтасаң жүзің жарық болады. Ал керісінше болса, қадірің қашады. Адам болған соң кейде өмірде де қателесеміз. Бірақ сол қателігіміз өз абыройымызға нұқсан келтіреді. Спортта да дәл солай. Әділдік басты орында.

- Төреші болудағы мансабыңызды аяқтап жатыр екенсіз? Неге?

Кешегі Азия ойындарында соңғы төрелігімді жасап, «Халқаралық 1S Олимпиадалық дәрежесіндегі төреші» мансабымды салтанатты түрде аяқтадым. Оның себебі Біріккен Күрес Әлемінің ережесіне сай болды. Жас ерекшелігіне байланысты биыл 60 жасқа толып жатырмын. Сондықтан ғана төреші болудағы қызметімді аяқтадым. Будапеште өткен Әлем чемпионатында, UWW Біріккен Күрес Әлемінің федерациясы 60 жасқа толуыма байланысты зейнетке салтанатты түрде шығарып салды.

Екі бірдей Олимпиадада төреші болған қазақ кім?

- Шәкірт тәрбилеп, өзіңізден кейін осы істі жалғастыратын ізбасарыңыз бар ма?

Шәкіртсіз ұстаз болмайды. Өзімізден кейін артымыздан ізбасар қалдыру біздің міндетіміз. Орнымызды басатын жастар болу керек. Өзім Халықаралық дәрежедегі төреші болған кезде Қазақстанда  6  Халықаралық дәрежедегі төреші ғана бар еді. Қазір олардың саны артты. Қазір 50-ге жетті.Олардың ішінде, Ерік Жұмабеков -1S, Манарбек Буденов-1S, Игорь Лигай- 1S, 8 төреші І-категория, 6 төреші-ІІ категория, қалғандары ІІІ категория иегерлері.

- Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет!

Өзгелердің жаңалығы