Орал қаласында бала саудасымен айналысқан күдікті қолға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы ІІМ Ұйымдасқан қылмыспен күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов ведомствоның апталық баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Орал қаласында балалар саудалаумен айналысқан Қарақалпақстан Республикасының 31 жастағы тұрғыны ұсталды. Жас әйел 2018 және 2019 жылы туған екі баласын сатқаны анықталды. Бірінші факт 2018 жылғы маусым айында болған, онда әйел өзінің жаңа туған баласын одан әрі заңсыз асырап алу үшін Атырау облысындағы отбасылық жұпқа заңсыз асырап алуға берген, - деп атап өтті департамент басшысы.
Күдікті арада 4 жыл өткенде тағы бір баласын сатқан.
Ал екінші факт 2022 жылғы желтоқсан айында болған. Сол кезде ол өзінің үш жасар қызын 1 млн теңгеге Оралдағы отбасылық жұпқа сатты. Бұл фактілер Қылмыстық кодекстің 135-бабы – кәмелетке толмағандар саудасы бойынша тіркелді, - деді Қанат Нұрмағамбетов.
Еске сала кетейік, бұған дейін ақтөбелік ерлі-зайыпты арбаға таңылған мүгедекті қайыр сұрауға мәжбүрлегені туралы жазған болатынбыз.