Екі айлық нәресте санавиациямен Омбыдан Нұр-Сұлтанға жеткізілді

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Омбыдағы консулдығының көмегімен ауыр халде жатқан екі айлық Қазақстан азаматы жергілікті облыстық балалар клиникалық ауруханасынан санавиацияның көмегімен Нұр-Сұлтанға жеткізілді.</h4> <br> <p> </p>

 26 Желтоқсан 2020 2020, 10:28
26 Желтоқсан 2020 2020, 10:28
1619

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Омбыдағы консулдығының көмегімен ауыр халде жатқан екі айлық Қазақстан азаматы жергілікті облыстық балалар клиникалық ауруханасынан санавиацияның көмегімен Нұр-Сұлтанға жеткізілді.

ҚР Ресей Федерациясындағы елшіліктің мәліметінше, ұшуды ҚР Денсаулық сақтау және Сыртқы істер министрліктері ұйымдастырды.  

Нәрестені Нұр-Сұлтанға апарар алдында мамандар диагнозбен толық танысқан. Дәрігерлер нәресте келісімен бірден қарқынды емдеуді бастады. 

Қазір науқастың жағдайы тұрақты. Дәрігерлер толық емдеу бағдарламасын жүзеге асырады.

Наверх