Екі адамды өлтірген: Шымкентте ауыр қылмыс жасаған күдікті ұсталды

6 Қаңтар 2024, 13:25
949
Бөлісу:
Екі адамды өлтірген: Шымкентте ауыр қылмыс жасаған күдікті ұсталды
Фото: Арман Мухатов

Шымкентте екі адамды өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды. Аса ауыр қылмыс жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті Otyrar.kz арнасының мәліметінше, кеше 1984 жылғы марқұмның денесі, ал бүгін күндіз екінші адамның мәйіті табылған.

Бұған қоса күдікті бейсенбі күні тағы бір адамды пышақтаған. 1975 жылғы науқасқа ота жасалды, қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Полиция күдіктіні ұстады, ол 28 жаста, жұмыссыз.

Аса ауыр қылмыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Қажетті сараптама жасалады. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, - делінген Шымкент ПД ресми хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы