Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Екі адам қаза тапты: әуежайда ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кеткен

20 Қазан 2025, 07:12
540
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Гонконг халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағынан шығып кеткен жүк ұшағының салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.

Бастапқыда жоғалған деп есептелген екі экипаж мүшесінің бірі – 30 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмған. Ал 41 жастағы екінші адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілгенімен, кейін қайтыс болды.

Басылымның жазуынша, Boeing 777 жүк ұшағының Гонконг әуежайында қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кеткен. Төтенше жағдай Дубайдан келген рейс қонған сәтте орын алған. Ұшақ жердегі көлік құралын соғып, оны су айдынына итеріп жіберген.

Қазіргі уақытта әуежайдың солтүстік ұшу-қону жолағы жабылып, апаттың себептері мен мән-жайын анықтау бойынша тергеу жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы