Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова екі адам қаза тапқан өлімге соқтырған жол апатына қатысты қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұған дейін Гулайым Рахмонова іс бойынша қорғауға құқығы бар куә ретінде өтіп келген.
Оның айтуынша, қазір тараптар қылмыстық істің материалдарымен танысып жатыр.
Жол апаты былтыр 27 шілдеде Жамбыл облысындағы Алматы — Екатеринбург тасжолында болған. Рөлде Гүлайым Рахмонова отырған Toyota Land Cruiser көлігі аударылып кеткен. Көлікте сондай-ақ оның кәмелетке толмаған ұлы мен екі құрбысы болған. Екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды, ал Рахмонова мен баласы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Кейін олар ауруханадан шығарылған.
Апаттан кейін жол қозғалысы ережесін бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеліп соққан жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Автотехникалық және сот-медициналық сараптамалар тағайындалған.
Шавкат Рахмонов бұл жағдайға қатысты көпшілік алдында пікір білдірген жоқ.