Екатеринбургте 18 қарашада ауруханалардың бірінде өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кейбір науқастар өрттен және түтіннен қашып, терезелерден секірген. Оқиға орнынан адамдардың терезеден секіріп жатқан кадрлар әлеуметтік желілерде тарады.
UralMash Telegram каналының мәліметі бойынша, өрт ғимараттың төбесінен басталып, 300 шаршы метр аумаққа тараған.
Көптеген науқас ғимараттың есіктерінен шығып, ал басқалары терезелерден секіріп жан сауғалауға тырысқан.
Әзірге үшінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен 45 жастағы бір жәбірленуші туралы хабарланған.
Қазіргі уақытта өрт реанимация бөліміне жеткен, онда жүрек ауруы бар адамдар жатыр.
Оқиға орнында өрт сөндірушілер, дәрігерлер жұмыс істеп жатыр.
Осы кезде UralMash мәліметтері бойынша 350 науқас эвакуацияланған.