Еімізде су ресурстарының бірыңғай ақпараттық жүйесі жасалады

Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясымен бірлесіп су ресурстарының бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

10 Қаңтар 2024 2024, 14:30
АВТОР
 Ортком 10 Қаңтар 2024 2024, 14:30
10 Қаңтар 2024 2024, 14:30
844
Фото: Ортком

Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясымен бірлесіп су ресурстарының бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Онда еліміздегі су шаруашылығы нысандарының жай-күйі туралы барлық ақпарат жинақталады.

Сондай-ақ, жүйе су ресурстарының тұтынушыға дейін бөлінуін және пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік береді.

Су ресурстарын цифрландыру өте маңызды. Бүгінгі таңда Қазақстанның бірнеше облысында ирригация желілерін цифрландыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта цифрландыру элементтерін жалпы ақпараттық жүйеге интеграциялау жоспарлануда,- деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Наверх