ЕХӘҚМ Қоғамдық қабылдау бөлімі қашықтан жұмыс істеу режиміне ауысады

29 Шілде 2022, 17:27
1284
Бөлісу:
ЕХӘҚМ Қоғамдық қабылдау бөлімі қашықтан жұмыс істеу режиміне ауысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қоғамдық қабылдау бөлімі 2022 жылғы 28 шілдеден бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін қашықтан жұмыс істеу режиміне көшеді.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Барлық өтініштер ресми интернет-ресурс (министрдің блогы, «сұрақ-жауап» сервисі) және  Азаматтардың барлық өтініштерін  қабылдау мен өңдеудің біріңғай платформасы «Е-Өтініш» (suraqtar.kz)  арқылы электрондық түрде қабылданатын болады.

Өзгелердің жаңалығы