"eGov.kz" электронды үкімет порталы толықтай жаңартылады

eGov.kz электронды үкімет порталы толықтай жаңартылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 gov/kz 13 Шілде 2025 2025, 01:40
13 Шілде 2025 2025, 01:40
726
Фото: gov/kz

eGov.kz электронды үкімет порталы толықтай жаңартылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өзгерістер қызмет көрсету сапасын жақсартуға, кибершабуылдарға қарсы күреске және цифрлық қызметтерді жылдам іске қосу мақсатында жасалмақ.

Жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, 2026 жылы толықтай аяқталады деген жоспар бар. Мамандар "ескі eGov"-ты пайдалана беруге болатынын, жаңа eGov дизайны, портал жұмысы және жылдамдығымен ерекшеленетінін айтады.

Ал 13 шілдеден бастап Қазақстанда білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтінім қабылдау басталады.

Талапкерлер өтінімдерді eGov.kz арқылы онлайн форматта тапсыра алады. Өтінімдерді қабылдау 13 шілде күні сағат 09:00-де басталып, 20 шілде күні сағат 18:00-де аяқталады.

Наверх