Егіздің сыңарын тастап кеткен FlyАrystan компаниясы кешірім сұрады

21 Тамыз 2024, 12:18
446
Бөлісу:
Егіздің сыңарын тастап кеткен FlyАrystan компаниясы кешірім сұрады
Фото: Көлік министрлігі

Егіздің сыңарын әуежайда тастап кеткен FlyАrystan әуе компаниясына 3,5 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері көлік министрлігінде өткен брифингте “Жазда FlyАrystan екі егіз қыздың біреуін әуежайда жалғыз қалдырып кеткен еді. FlyАrystan-ға қандай шара қабылданды? Бұл ата-ана үшін сұмдық жағдай ғой… Компания басшысы не дейді?” деп сұрақтар қойды.

Бұл оқиға жөнінде білеміз. Сол оқиғадан соң біз компанияға тексеріс жібердік. Тексеріс нәтижесінде FlyАrystan компаниясына 3,5 млн теңге айыппұл салынды, – деді көлік вице-министрі Талғат Ластаев.

FlyArystan әуе компаниясының болған оқиғаға қатысты кешірім сұрады.

Біз тексеріс жүргізуге кірістік. ҚР еңбек жөнінде заң аясында шара қабылдайтын боламыз. Иә, әлі ешқандай қызметкерге тәртіптік шара қолданылған жоқ, өйткені әлі де тексеріс жүріп жатыр. Мен бұған дейін кешірім сұраған едім, тағы да кешірім сұрауға дайынмын, – деді FlyArystan әуе компаниясының басшысы.

Сондай-ақ Ричард Леджер компания ішкі қауіпсіздік талаптарын күшейтетінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы