Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Биылғы қолайлы жағдай егін жинау жұмыстарын уақытылы бастауға мүмкіндік берді. Республика бойынша 2,2 млн гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақылдың 13,2 гектары жиналды. Гектарына орта есеппен 14,6 центнер түсімділікпен 3,3 тонна астық бастырылды. Егін жинау республиканың барлық өңірінде басталғанын атап өту қажет, - деді ол.
Министр атағандай, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы жинау алаңы 23,4 млн гектарды құрады.
Оның ішінде дәнді-дақылдарды жинау 16,1 млн гектарды құрады. Әлеуметтік дақылдары бөлінісінде қарайтын болсақ, бидай жинау алаңы 12,9 млн гектарды құрайды. Оның 10 пайызы 14,4 центнер өнімділікпен жиналды. 1,5 млн тонна астық бастырылды. Картопты алатын болсақ, жинау алаңы 198,9 мың гектар жинау қажет. 675 мың тонна өнім жиналды, - деді Ербол Қарашөкеев.