"Егер балаңыз…": Полицейлер ата-аналарға ескерту жасады

23 Шілде 2024, 16:32
999
Бөлісу:
"Егер балаңыз…": Полицейлер ата-аналарға ескерту жасады
Фото: Бақытжан БАТЫРХАНҰЛЫ - архив

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев ата-аналарға үндеу жасады, деа хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Балалардың мінез-құлқына назар аударуларыңызды сұраймын. Баланың кенеттен тұйықталуы, басқа мектепке ауысу туралы өтініштері, банк картасынан ақшаның жиі шешілуі күмән тудыруы керек.  Егер балаға қатысты құқық бұзушылық фактілері туралы білсеңіздер, дереу «102» нөмірі арқылы полицияға немесе «111» сенім телефонына хабарласыңыздар. Бұл нөмірлер бойынша тәулік бойы ақпараттық, консультациялық, психологиялық көмек көрсетіледі, - дейді Шыңғыс Алекешев.

Оның айтуынша, балалар - қоғамның ең қорғалмаған бөлігі.

Олардың бақытты және қауіпсіз балалық шағын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдау біздің міндетіміз, – деді ол ведомствода өткен брифингте.

Өзгелердің жаңалығы