Эфиопияда жүк көлігі өзенге құлап, 71 адам қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Оқиға елдің оңтүстігінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша апатқа жүк көлігіне шамадан тыс көп адамның мінуі себеп болған. Олар үйлену тойынан қайтып келе жатқан. Марқұмдардың көбі бір-біріне туыс боп келеді.
Шығыс Африкада орналасқан Эфиопияда жүргізушлер қауіпсіздік ережелерін жөнді сақтамайды. Ал көліктердің техникалық жағдайы көңіл көншітпейді. Сол себепті де мұнда жол-көлік апаты жиі болып тұрады.