Эфиопияда шегірткенің кесірінен ұшақ қона алмай қалды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ethiopian Airlines әуекомпаниясының Boeing 737 ұшағы Эфиопияның шығысындағы Дыре-Дауа қаласының әуежайына қаптаған шегірткенің&nbsp;салдарынан қона алмай қалды, деп хабарлады Кенияның The Standard Кениялық газеті.</h4>

 14 Қаңтар 2020 2020, 14:43
14 Қаңтар 2020 2020, 14:43
2855

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ethiopian Airlines әуекомпаниясының Boeing 737 ұшағы Эфиопияның шығысындағы Дыре-Дауа қаласының әуежайына қаптаған шегірткенің салдарынан қона алмай қалды, деп хабарлады Кенияның The Standard Кениялық газеті.

Газет мәліметі бойынша, Джибутиден ұшып келген рейс қонуға екі рет әрекет еткен, алайда қону алаңы нашар көрінгендіктен, қона алмаған. Салдарынан ұшқыштар маршрутты өзгертіп, лайнерді 30 минуттан кейін Эфиопияның астанасы Аддис-Аббебеге қондырған.

ce3eb9fc868d74a96e7b53a35128aff5.jpeg

Әлеуметтік желіде ұшақтың фотосы жарияланды. Онда аппақ самолеттің алдыңғы жағы жәндіктердің соқтығысынан қоңыр дақтармен қапталғанын көруге болады. Осындай дақтарды оның қозғалтқыштары мен қанаттарынан да байқауға болады. Ал ұшаққа соқтығысып өлген шегірткелерден қалған ізден пилоттар кабинасының алдыңғы әйнегінен тіпті ештеңе көрінбейді, - делінген таратылған ақпаратта.

82486914_2782413418469089_5546641003663851520_o.jpg

Наверх