Эфиопияда 9,4 млн адам азық-түлік көмегіне мұқтаж

29 Қараша 2021, 19:45
995
Бөлісу:
Эфиопияда 9,4 млн адам азық-түлік көмегіне мұқтаж

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эфиопияның Тыграй аймағына азық-түлік пен гуманитарлық көмек тиелген 79 жүк көлігі жөнелтілді. 

Бұл туралы жексенбі күні БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының Эфиопиядағы кеңсесінде мәлімдеді, деп хабарлады Анадолу агенттігі.

Кеңсе Twitter-де бұл жұмыс Эфиопия армиясы мен Тыграйды азат ету халықтық майданы арасындағы қақтығыстардан зардап шеккен және гуманитарлық көмекке мұқтаж миллиондаған аймақ тұрғындарын қолдауға бағытталғанын айтты.

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының мәліметі бойынша, Эфиопияда 9,4 миллион адам азық-түлік көмегіне мұқтаж.

Эфиопия үкіметі 2 қарашада елде төтенше жағдай жариялады.

Өзгелердің жаңалығы