ЕЭО-ның ішкі нарығында бәсекелеспеуіміз керек – Тоқаев

Кеше, 23:02
151
Бөлісу:
ЕЭО-ның ішкі нарығында бәсекелеспеуіміз керек – Тоқаев
Фото: Ақорда

Қазақстан мен Ресейдің агроөнеркәсіп саласындағы үлкен экспорттық әлеуетке ие. Бұл туралы Қазақстан мен Ресейдің ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнеконференция режимінде қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл біздің аграршылар 27 миллион тоннаға жуық рекордтық деңгейдегі астық жинады. Бұл ерекше символикалық мәнге ие. Өйткені Қазақстанда тың игеру басталғанына 70 жыл толды. Сонымен қатар, негізгі азық-түлік тауарлары бойынша импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталған бірқатар ауқымды жобаларды жүзеге асыруды бастадық. Алдағы жылдары 116 заманауи сүт-тауар фермасы салынады, бұл сүт өндірісін 600 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жылына 220 мың тоннадан астам ет өндіретін 29 ет бағытындағы құс фабрикасы және 850 миллион жұмыртқа өндіреуге ие 11 құс фабрикасы іске қосылады, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Тоқаев агроөнеркәсіп саласында екі ел де зор экспорттық әлеуетке ие екенін айтады.

Меніңше, Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығында бір-бірімізбен бәсекелеспеуіміз керек. Бұл интеграцияға айқын зиян тигізеді. Керісінше, күш-жігерімізді біріктіріп, үшінші елдер нарығына ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін негізгі азық-түлік хабына айналуымыз қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы