Қазақстанның соңғы жаңалықтары

EcoLife: Петропавл жастары табиғатты қорғау ісіне ойын арқылы үн қосты

15 Тамыз 2025, 17:43
502
Бөлісу:
 СҚО әкімдігі
Фото: СҚО әкімдігі

Петропавлда Мемлекет басшысы бастамашы болған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында белсенді қала тұрғындарын біріктірген жарқын экологиялық интерактив – «EcoLife: Жастар таңдауы» өтті. Іс-шараны СҚО Жастар ресурстық орталығы, «Birgemiz» волонтёрлік фронт-офисі және «Штаб JE SKO» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Акцияның мақсаты – экологиялық сананы қалыптастыру және жастарды қоршаған ортаға қамқорлық жасауға жеңіл әрі қызықты формат арқылы тарту. Қазақстан Конституциясы көшесінің бойында үш тақырыптық станция жұмыс істеді. Мұнда келушілер қоқысты контейнерлерге сұрыптап салуды тәжірибеден өткізіп, «эко-рулеткада» бағын сынап, «Планетаға тілек ағашында» өз тілектерін қалдыра алды.

Біз «EcoLife: Жастар таңдауы» акциясын экология мәселелеріне назар аудартудың қарапайым, қолжетімді әрі қызықты жолы ретінде өткіземіз. Мақсатымыз – тек ақпарат беру емес, жастарды белсенді қатыстыру. «Эко-рулетка», «тілек ағашы» немесе қоқысты сұрыптау сияқты ойын форматтары арқылы экологиялық ойлау қалыптастырамыз. Жастардың белсенділігі қуантады, бұл – саналы көзқарастың қалыпты жағдайға айналатынына үміт береді, - деді акция ұйымдастырушысы, «Birgemiz» волонтёрлік фронт-офисінің жетекшісі Анастасия Волкова.

Соңғы жылдары өңірде осындай экологиялық интерактивтер жақсы дәстүрге айналды. «Таза Қазақстан» және өзге де бастамалар аясында жастарға арналған, оларды тікелей тартуға бағытталған іс-шаралар жиілеген. Бұл тек маңызды экологиялық тақырыптарды естіп қана қоймай, оларды іс жүзінде бекітуге мүмкіндік береді.

Сұрыптау станциясында таңертеңнен бастап колледж студенті Алия жұмыс істеді.

Экология тақырыбы мен үшін маңызды. Барлығы бізден – шағын қадамдардан басталады деп ойлаймын. Бүгін сұрыптау станциясында жұмыс істеп, адамдардың қалай ықыласпен қатысатынын көрдім. Әсіресе балалардың қызығушылығы қатты қуантады. Бұл – дұрыс бағытта келе жатқанымыздың белгісі. Волонтёрлік – әлемді өзгерту мүмкіндігі, және мен осы үдерістің бір бөлігі болғаныма қуаныштымын, - деді ол.

Іс-шара волонтёрлік қозғалысқа жаңа қатысушыларды да тартты. Кейбіреулер үшін бұл форматтағы алғашқы тәжірибе болды, әрі ол қызықты ғана емес, шынайы түрде жігерлендірді. Көпшілігі бұған дейін экологиялық мәселелердің ауқымы туралы ойланбағанын, енді қоқысты сұрыптап, ресурстарды үнемдеуге ниетті екенін айтты. Мұндай жеке тәжірибе көбіне әдеттерді өзгертуге және достар мен туыстарды экологиялық бастамаларға тартуға түрткі болады.

Мен алғаш рет осындай акцияға қатысып тұрмын. Барлығы жеңіл, көңілді өтетіні ұнады. Әсіресе «эко-рулетка» идеясы керемет — жаңа ақпарат біліп, сыйлық аласың. Мысалы, пластиктің қанша жылда шіритінін бұрын білмеппін. Енді қоқысты не үшін сұрыптау керек екенін түсіндім. Бұл туралы міндетті түрде достарыма, отбасымда айтамын. Осындай акциялар жиі өтуі керек деп ойлаймын!, - деді жақында «Birgemiz» фронт-офисінің волонтёрлер қатарына қосылған Қайдар Әбілхаир.

«EcoLife» – ойын мен тікелей қарым-қатынас арқылы адамдардың экологияға қызығушылығын оятуға болатындығының жарқын мысалы. Ең бастысы — әркімнің шағын қадамы бүкіл планета үшін үлкен өзгерістерге жол ашады.

Өзгелердің жаңалығы