ЕАЭО-Моңғолия келісімі: Импорттық баж салығы төмендейді

Сенаторлар Еуразиялық экономикалық одақ пен Моңғолия арасындағы Уақытша сауда келісімін ратификациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 10:41
Бүгiн 2026, 10:41
97
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Сенаторлар Еуразиялық экономикалық одақ пен Моңғолия арасындағы Уақытша сауда келісімін ратификациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Келісім өзара саудадағы ырықтандыруды қамтамасыз етуге және техникалық кедергілерді жоюға арналған құқықтық негіз қалыптастырады.

Хаттамалар арқылы енгізілетін өзгерістер оларды қайта жаңарту үшін инвесторларды тартуға және қазақстандық міндеттемелерді орындауға мүмкіндік береді. Халық үшін бұл заңдардың жүзеге асырылуы жаңартылған шипажайларда демалуға және денсаулықты қалпына келтіруге тамаша мүмкіндік береді, ал халықаралық маңызы тұрғысынан бұл өзгерістер Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді, - деді сенатор Бекбол Орынбасаров.

Негізгі ережелер:

  • құжат үш жыл мерзімге жасалған, қажет болған жағдайда оны ұзарту мүмкіндігі бар;
  • тауарлардың кең тізбесі бойынша импорттық баж салығын төмендету немесе алып тастау қарастырылған. Атап айтқанда, астық, құс еті, сүт өнімдері, майлар, кондитерлік өнімдер, металлургия және химия өнімдері, көлік құралдары және басқа да тауарлар қамтылады;
  • ынтымақтастық кеден саласын, электронды сауданы, техникалық реттеуді, санитарлық және фитосанитарлық шараларды қамтиды;
  • келісім ережелері ДСҰ талаптарына сай және тұрақты сауда байланыстарын дамытуға бағытталған.
Наверх