ЕАЭО елдерінде роумингтің күшін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді

29 Қазан 2021, 16:42
60807
Бөлісу:
ЕАЭО елдерінде роумингтің күшін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің өкімімен Еуразиялық экономикалық Одақ мемлекеттерінде әділ тарифтерді енгізу жөніндегі жоспар бекітілді.

Жоспар бойынша жұмысқа мемлекеттік органдармен қатар Одаққа қатысушы елдердің ұялы байланыс операторлары белсенді қатысты. Комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу блогы ЕАЭО елдерінің байланыс саласындағы заңнамасына шолу жүргізді, роумингті жоюдың әлемдік тәжірибесін, оның ішінде өңірлік интеграциялық бірлестіктер шеңберінде (Еуропалық Одақ, Анд қоғамдастығы, НАФТА, Батыс Африка одағы және т.б.) зерттеді.

ЕЭК алқасының мүшесі Арман Шаққалиевтің айтуынша, қарым-қатынас еркіндігі - еуразиялық жобаның төрт еркіндігін іске асырудың негіздерінің бірі. Бүкіл әлемдегі интеграциялық бірлестіктер роумингтегі байланыс қызметтеріне арналған тарифтердің жоғары болуына байланысты қарым-қатынаста өздерін шектеуге мәжбүр болған интеграциялық кеңістік шегінде тұтынушыларды кемсітуді жоюға мүмкіндік береді.

Біз ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумақтарында роумингте ұялы байланыс қызметтеріне баға белгілеуге талдау жүргіздік, алаяқтықпен байланысты мүмкін болатын тәуекелдерді зерделедік, роумингтік тарифтерді «үйдегіге» барынша жақындату мүмкіндігін бағаладық, – деп түсініктеме берді Арман Шаққалиев.

Жоспардың іс-шаралары алаяқтықтың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге, халықаралық роумингтік трафикті өткізу кезінде байланыс операторларының тікелей өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге, байланыс операторлары желілері арасында тікелей түйісулерді ұйымдастыру мүмкіндігін пысықтауға және басқаларға бағытталған шаралар кешенін қамтиды.

Бұдан басқа, жоспарда тарифтеу қадамын және роумингте әділ тарифтер бойынша көрсетілетін байланыс қызметтерінің ең жоғары көлемін айқындауды қамтитын әділ тарифтерді адал пайдалану қағидаларын әзірлеу көзделген.

Комиссия жоспар бойынша іс-шаралардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады және оларды толық іске асырғаннан кейін ЕЭК алқасы 2025 жылдан бастап роумингтегі «үй тарифіне» тең тарифке көшуге бағытталған ЕАЭО елдерінің ұялы операторлары үшін бірқатар ұсыным қабылдайды.

Өзгелердің жаңалығы