ЕАЭО азаматтары Қазақстанға 120 млрд теңге қарыз

18 Мамыр 2023, 11:24
973
Бөлісу:
ЕАЭО азаматтары Қазақстанға 120 млрд теңге қарыз

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің азаматтары елімізден 120 млрд теңгеге жуық көлемде несие алған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы депутат Сергей Карплюк Сенаттың жалпы отырысында мәлімдеді.

Қазіргі уақытта ЕАЭО мүше мемлекеттердің кез келген резиденті, ол жеке немесе заңды тұлға болсын, одақ аумағындағы елдердің екінші деңгейлі банктерінен несие ала алады. Ұлттық банк ұсынған мәліметтерге сүйенсек, биыл 1 наурыздағы жағдай бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2 мыңға жуық жеке және 42 заңды тұлғасы қазақстандық банктерден несие алған. Несие сомасы 120 млрд теңгеге жуықтайды, - деп атап өтті сенатор.

Ал оның несие тарихына қатысты мәліметтермен алмасу тәртібі бүгін мақұлданған заң аясында реттеледі деп отыр.

Еске сала кетейік, бүгін Сенатта «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредит тарихының құрамына кіретін мәліметтерді алмасу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.

Өзгелердің жаңалығы