Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 13,4%-ға жоғарылап, биылғы жылдың мамыр айында орта есеппен 32,1 мың теңгені құрады, деп жазды finprom.kz.
Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 28,3 мың теңге болатын. Өз кезегінде тұтынушылық баға индексі 6,7%-ды құрады.Аталған көрсеткіштің 17,7 мың теңгесі азық-түлікке жұмсалса, 14,5 мың теңге азық-түліктік емес тауарларға жұмсалады екен.
Өңірлер бойынша ең жоғары көрсеткіш 37 мың теңге Маңғыстау облысында тіркелді. Бұл орта республикалық деңгейден 16,2%-ға жоғары. Күнкөріс деңгейі жоғары қалалар қатарында Нұр-Сұлтан мен Алматы бар. Ал ең төменгі көрсеткіш 29 мың теңге Батыс Қазақстан облысында анықталған. Жас ерекшеліктері бойынша алып қарасақ: 13 жасқа дейінгі балаларға 26 мың, 14-17 жастағы жасөспірімдерге – 40,5 мың теңге, ал осы жастағы қыздар үшін – 31,1 мың теңгеден келеді. Ал жұмыс істейтін ерлерге – 38,1 мың теңге, әйелдерге – 30,3 мың теңге, ал зейнет жасындағы қарияларымызға 30 мың теңгеден есептеліпті.